Абай облысында жолда қалған 28 адам эвакуацияланды

Абай облысының Аягөз ауданында жолаушылар автобусы техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел жетіп, Өскемен – Алматы бағытында келе жатқан автобустан 28 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Жолаушылар Аягөз қаласындағы теміржол вокзалына жеткізілді.

Құтқарушылар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қажетті көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы