Абай облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті
Бесқарағай ауданында Семей - Павлодар тас жолында жеңіл көлік аударылып қалды. Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шегіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16-17 наурызына қараған түні "Семеновка" ТМҚП-қа Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында көлік аударылып, 4 зардап шеккен адам көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті, делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Оқиға орнына келіп жеткен медицина қызметкерлері аударылып жатқан көлікті көріп, бірден көмекке ұмтылды.
ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді, - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада қар күреуге 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Өзгелердің жаңалығы