Абай облысында жоғалған бала туралы тағы бір дерек шықты
Аягөз қаласында жоғалған бала туралы хабар бүгін сағат 17:30-да келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына дереу ТЖД Жедел-құтқару жасағының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолданды.
Іздеу жұмыстарына ТЖД, полиция, "Восток" РМҚК 10810 әскери бөлімінің күштері, жергілікті тұрғындар мен туыстары жұмылдырылды.
Бала бүгін сағат 10-00 шамасында үйден белгісіз бағытта атпен шығып, із-түзсіз кеткен.
Күндізгі жарықтың аяқталуына байланысты ТЖМ авиациясы қолданылмады. Қажет болған жағдайда (іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру кезінде) тікұшақтың іздестіру жүргізілетін жерге ұшуы 12 ақпан күні таңертеңгі уақытқа жоспарланған.
Іздеу жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты және 20 жылқы жұмылдырылған. Оқиға орнына Семей қаласы ТЖД қосымша күштері мен құралдары жіберілді.
Сондай-ақ ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша Қазавиақұтқару тікұшағының ұшуы жоспарланған.