Абай облысында жоғалған 8 жасар бала құдықтан табылды

Абай облысында учаскелік полицей камералардың көмегімен жоғалған 8 жасар баланы тауып алды. Бала құдықтан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай облысының Чекоман атты шағын ауылында із-түзсіз жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталды. 

Райан есімді 8 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама полицияға арыз түскен. 

Бейнебақылау камералары арқылы баланың қайда кеткенін анықтау мүмкіндігі болды. Құқық қорғаушылар камера жазбаларын қарап, баланың мүмкін жүріп өткен бағытын және нақты орналасқан жерін анықтады. Қосымша іздестіру жұмыстары барысында бала бірнеше сағат болған құдықтан табылды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ол жерге кездейсоқ түскен. Бетон плитаның астындағы шеткі бір бөлігі құлап, бала түсіп кететін ойық пайда болған. Бала аман-есен құтқарылды, медициналық көмектің қажеті болмады. Баланың анасы іздеуге қатысқан барлық адамдарға және көмек көрсеткендерге алғысын білдірді.

Бейнебақылау жүйелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осы жағдайда камералар жедел әрекет етуге және баланың өмірін шын мәнінде құтқаруға көмектесті, - деп атап өтті Абай облысы полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға әсіресе қыс мезгілінде балаларға ерекше көңіл бөлу қажеттігін еске салып, қауіпті учаскелер мен ашық инженерлік құрылыстар туралы ақпаратты уақытында хабарлауды сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін Астаналық мұғалім шұңқырға түсіп кеткен оқушыны құтқарып қалған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының ПД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы