Абай облысында жерасты цехын жою арнайы операциясы жүргізілді
Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері алкогольді заңсыз өткізу бойынша жерасты цехын жою жөнінде арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Контрафактілік алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған.
Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі. Оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады. Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді.
Бұл факт Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді, - деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 114 адам індет жұқтырған
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы