Абай облысында заңсыз айналымнан 415 келі есірткі тәркіленді
Абай облысында заңсыз айналымнан 415 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нашақорлық пен оған қатысты құқық бұзушылықтар қоғам қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығына төнген өзекті қауіптердің бірі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Алиман Бегешханов айтты. Абай облысы бойынша биыл заңсыз есірткі айналымы саласында 185 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 85-і ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстарға жатады.
Заңсыз айналымнан 415 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде марихуана, гашиш және психотроптық заттар бар. Ауыр қылмыс жасағаны үшін 30 адам ұсталды, олардың бірі – облыс орталығындағы колледж студенті, кәмелетке толмаған жасөспірім, – деді Алиман Бегешханов.
Сондай-ақ Бегешханов 1 маусым мен 31 қазан аралығында облыс аумағында есірткі өсіру мен таратудың алдын алу мақсатында "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.
Іс-шара басталғаннан бері Абай облысында 97 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Облыстағы өзекті мәселенің бірі – халық арасында "тұз" деп аталатын синтетикалық есірткілердің таралуы. Соңғы үш жылда наркологиялық есептегі адамдар саны да артқан, - деп атап өтті спикер.

- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20
- Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: 55 медаль жеңіп алды 20:11
- Вэнс Иранға қарсы АҚШ-қа көмектесіп жатқан елдерді атап, күтпеген мәлімдеме жасады: Тізімде кімдер бар? 19:57
- Қазақстанда цифрлық активтерге қатысты жаңа жоспар пайда болды 19:32