Абай облысында заңсыз алтын өндірген 5 адам анықталды
Абай облысында алтынды заңсыз өндіру фактілерінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жарма ауданында жүргізілген рейд барысында тиісті рұқсатсыз алтын және басқа да пайдалы қазбаларды іздеумен айналысқан бес тұлғаны анықтады.
Құқықбұзушылардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді. Сот аталған тұлғаларды ӘҚБтК-нің 463-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі дептанып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салу және жабдықтарды мемлекет кірісіне тәркілеу түріндегі жаза тағайындады, - деп хабарлады Абац облысының прокуратурасы.
Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы