Абай облысында үш жылдан бері із-түзсіз кеткен ер адамның тағдыры белгілі болды
Ер адам жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шықпаған.
Үш жыл бойы күйеуінен хабар күткен әйелдің өтініші бойынша жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ер адамның тағдыры анықталды. Қылмысты ашуға басқа іс бойынша сотталған адамның мойындауы көмектескен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жұмыс іздеп кетіп, хабарсыз кеткен
2023 жылдың қыркүйегінде әйел полицияға күйеуінің жоғалғаны туралы арызданған. Ер адам жұмыс істеу үшін үйінен кетіп, кейін байланысқа шықпай қойған. Алғашқы іздестіру шаралары нәтиже бермеген.
Полиция қызметкерлері ер адамның жоғалуына қатысты түрлі болжамды тексеруді жалғастырған. Нәтижесінде олардың назарына болжамды кісі өлтіруден кейін басқа қылмыс жасап, түрмеге түскен азамат іліккен.
Жедел уәкілдер оның Абай облысының тұрғынын жоғалтуға қатысы бар-жоғын тексерді. Күдікті кісі өлтіргенін мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Сондай-ақ марқұмның денесін жасырған жерді көрсеткен.
Әрбір қылмысқа құқықтық баға берілуі керек, ал кінәлілер лайықты жазасын алуға тиіс, – деп атап өтті Ішкі істер министрлігі.
Тергеу аяқталып, айыптау қорытындысы бар қылмыстық іс сотқа жолданды. Полиция кісі өлтірудің себебі мен істің өзге де мән-жайларын жариялаған жоқ.