Абай облысында төтенше жағдай режимі жарияланды
Абай облысы Көкпекті ауданында ауа-райының қолайсыздығына байланысты ТЖ режимі енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.
Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, - делінген хабарламада.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Темиржанов тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста жолдар жабылды
Өзгелердің жаңалығы