28 Тамыз 2026, 08:53
Фото: Көлік министрлігі
Абай облысында тағы бір теміржол вокзалы жаңартылды
Жаңғырту нәтижесінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік туды.
Абай облысында Дегелең станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартылды.
1953 жылы салынған вокзал ғимараты заманауи талаптарға сай толық қайта жаңғыртылды. Құрылыс барысында ғимараттың қаңқасы мен ішкі-сыртқы әрлеуі жаңартылып, сумен жабдықтау, кәріз және басқа да инженерлік коммуникациялар жөнделді.
Дегелең станциясының вокзалы II санатқа жатады. Станция арқылы Семей, Астана, Бейнеу, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қандыағаш бағыттары бойынша 8 жолаушылар пойызы қатынайды.
Жаңғырту нәтижесінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға мүмкіндік туды.