Абай облысында шегірткемен күрес тұрақты жүргізіледі

Абай облысы әкімінің өкімімен қауіпті организмдермен күресу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі штаб құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстағы егістік алқаптарының жалпы көлемі 1,988 мың гектарды құрайды, оның басым бөлігі Бесқарағай және Бородулиха аудандарында орналасқан.

Егістіктер 20% пиларинк пестицидтерімен өңделеді. Пестицид мөлшері (бір гектарға литр) - 0,06. Ақсуат ауданында зиянды организмдерді залалсыздандыру аймағының мөлшері 0,238 мың гектарды құрайды.

Өз аумақтарында фермерлер фитосанитариялық мониторинг жүргізіп отырады. Қауіпті организмдердің саны шектен асып кеткен жағдайда қажетті шаралар қабылданады.

Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар мен шегірткелерді залалсыздандыру жер иесінің есебінен жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы