Абай облысында құрғақ шөп өртенді

Абай облысындағы Рамазан және Өндіріс ауылдарының арасында құрғақ шөп өртенді, ,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына дереу ЖАО, «Семей Орманы» МОТР және Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Оқиға орнына келгеннен кейін ашық аумақта 12 гектар құрғақ шөп өртеніп жатқаны анықталды.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Күштер мен құралдардың жедел ден қоюының арқасында өрт оқшауланып, қысқа мерзімде сөндірілді, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы ТЖД
Өзгелердің жаңалығы