Абай облысында қосымша 7 өрт сөндіру бекеті құрылады

Аймақта өрттің алдын алу шараларын бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың мәліметінше, 2023 жылы "Ақ Ертіс" қоғамдық қоры есебінен 11 бірлік өрт сөндіру техникасы және 363 жабдық (4 бірлік өрт сөндіру машина, 5 бірлік шағын орман патрульдік кешендер, 2 JAC T6 автокөлігі, өрт сөндіру машиналарына арналған 25 қозғалтқыш, 1 ҰҰА, 20 дана бензинді мотопомпалар және 307 дана рюкзакты өрт сөндіргіштер, 6 дана орман өртке сөндіру рюкзакты құрылғы, 2 бензинді ара және 2 су сыйымдылығы) сатып алынды.

Бұдан бөлек республикалық бюджет есебінен "Семей орманы" резерваты үшін 34 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 323 жабдық (Камаз базасында 10 бірлік өрт сөндіру машинасы, 14 бірлік шағын орман өрті кешені, 1 бірлік МТЗ тракторы, УАЗ базасында 1 бірлік патрульдік автомобиль, тасымалдауға арналған 8 бірлік өрт сөндіру су тасымалдауға арналған тіркемесі, нысанды және арнайы киім-кешек, 107 мобильді және 216 тасымалды рация) сатып алынды, - деді өңір басшысы.

Өрт кезінде жедел әрекет ету үшін елді мекендерде 13 өрт техникасы бар 10 өрт сөндіру бекеті құрылды. 2024 жылға облыстың ТЖД техникасының 7 бірлігін бере отырып, қосымша 7 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда. Облыс бойынша барлығы 62 өрт сөндіру бекеті, 70 техника бірлігі бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы