Кеше 2026, 22:44 Фото: ТЖМ телеграм каналы

Абай облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары Көкпекті ауданында жолда қалған үш жеңіл автокөлік иелеріне көмекке келді.

Көкпекті ауданында үш жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, үш автокөліктен бес адамды эвакуациялап, Көкпекті ауылына жеткізді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.