Абай облысында қар борап тұр: полиция өңір тұрғындарына үндеу жасады
Абай облысында қар борап, ауа райы құбылып тұр. Полиция департаменті өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысының Полиция департаменті жүргізушілер мен өңір тұрғындарын қолайсыз ауа райына байланысты мынаны хабардар етеді:
Облыс жолдарында қар жаууына және көріну қашықтығының төмендеуіне байланысты көлік қозғалысында қиындықтар туындауы мүмкін. Жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, жылдамдық режимін, ара қашықтықты сақтауға, кенеттен маневр жасаудан бас тартуға және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға шақырамыз, - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытай АҚШ-қа сұйытылған газ импортын тоқтатты
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы