Абай облысында қала тұрғынын бопсалаған ер адам ұсталды

Абай облысының полиция қызметкерлері Семей қаласының 36 жастағы тұрғынын бопсалау күдігімен ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қала тұрғынын қорқытып, 175 мың теңге көлеміндегі қарызды қайтаруды талап еткені анықталды. Алайда ол бұл соманы өз "қызметі" үшін тағы 300 мың теңгеге арттырып, жалпы соманы 475 мың теңгеге дейін көбейткен. 

Жедел уәкілдер арнайы шара ұйымдастырып, күдіктіні ақша алу кезінде қылмыс үстінде ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы