Абай облысында психотропты зат сатумен айналысқан топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді.  

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын жеткізумен айналысқан топты ұстады. Олар жедел іс-шаралар аясында Абай облысы Құлбатау ауылының маңындағы тасжолдың бойында 35 жастағы Алматы қаласының тұрғынын қолға түсірді. Облыс орталығына бет алған «Subaru» автокөлігінің салонын тексерген жедел қызмет өкілдері пакетке оралған шамамен 1 келі «Скорость» деп аталатын А-PVP психотропты затты тапты. Есірткі облыс аумағында электронды жүйе арқылы арнайы орындарға жасырып, таратылуы керек болған, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, ұсталған күдіктінің синтетикалық есірткіні жол бойында Текелі ауданындағы сыбайластары үшін құпия орынға қалдырғаны белгілі болды. 

Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бағыттауымен жасырған орынды Алматы облысының полицейлері Текелі қаласынан 40 шақырым жерден анықтады. Есірткі затын жасырған сақтау орнынан алу кезінде жергілікті тұрғын ұсталып, оның автокөлігінен салмағы 2 келі болатын 4 бума мефедрон психотропты заты салынған пакет тәркіленді. Сондай-ақ ұсталған аумақтың тұрғылықты жерінен 154 мефедроны бар zip-пакет,  бума материалдар мен таразы табылды, - деді Ақтоты Боранова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы