Абай облысында психикалық дертке шалдыққандар көлік жүргізген

Абай облысының прокуратурасы 2023 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізушінің денсаулығының нашарлауы болып табылады.

Мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) талабы бойынша сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан жарамды жүргізуші куәлігі бар.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы