Абай облысында полицейлер босанғалы жатқан әйелді құтқарып қалды

Абай облысы Канонерка ауылының маңындағы тас жолда полицейлер көліктің жарығы жыпылықтап тұрғанын байқап, ондағы адамдардың көмекке мұқтаж екенін түсінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қарт адам келінін перзентханаға апара жатқан.

Құқық қорғаушылар жедел жәрдеммен байланысып, көлікті "Ертіс" бақылау бекетіне дейін шығарып салды, қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті.

Көмектесіп, шығарып салып, жедел жәрдем шақырды. Полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды айтамын!, - деп ризашылығын білдірді жаңа аталған ата.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы