Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Абай облысының құтқарушылары пәтерде қамалып қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бүгін Курчатов қаласы Олимпийск көшесі бойындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінде пәтердің кіреберіс есігі жабылып, 6 жастағы бала пәтерде қалып қойған.
Баланың әкесі есікті өз бетінше аша алмай, құтқарушылардан көмек сұрады, - деп атап өтті ведомстводан.
Құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен үшінші қабаттың терезесі арқылы пәтерге кіріп арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, баланы әкесіне тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау ашылады
Өзгелердің жаңалығы