Абай облысында оқ-дәрілер сақталған орын анықталды

Абай облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орын анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей маңындағы саяжай алабында аяқталмаған құрылыстың іргетасы астынан тегіс ұңғылы қос ұңғылы мылтық, АК-103 автоматы, Астра тапаншасы және 104 дана патрон тәркіленді. ІІМ базасына сәйкес тіркелген және қылмыстық қару жоқ, - деп жазды POLISIA.KZ телеграм-арнасы.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды көздейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы