Абай облысында мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Абай облысы Жарма ауданында полиция қызметкерлері Toyota маркалы автокөлікті мас күйінде басқарған 63 жастағы Семей қаласының тұрғынын тоқтатты. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Бұл – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып саналады.
Заңнамаға сәйкес құқық бұзушы 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция өкілдері мас күйінде көлік басқару жүргізушінің ғана емес, жолдағы өзге қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін еске салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ тікұшағы нәрестені шұғыл түрде Қызылордаға жеткізді
Келесі жаңалық
АҚШ Қытайды Тайваньға әскери қысымды тоқтатуға шақырды
Өзгелердің жаңалығы