Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды
Абай облысы аумағында "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ барысында бөлімше қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тіркелген мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Курчатов қаласы аумағында заңсыз жүрген Тәжікстан Республикасының екі азаматы анықталды. Белгілі болғандай, шетелдіктер 2023 жылдың тамыз айында келген және олардың болу мерзімі аяқталған соң, Қазақстан Республикасының аумағынан кетуден жалтарған. Қазіргі уақытта бұл заң бұзушылық үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен мемлекет аумағынан шығарылды, - делінген полиция хабарламасында.
Енді олар тек бес жылдан кейін ғана Қазақстанға орала алатыны да нақтыланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәулен Әшімбаев «Sensitive» ерекше театрының қойылымына барды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы