+20

Абай облысында І халықаралық скрипкашылар байқауы өтті

Абай облысында қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың 100 жылдығына арналған I халықаралық скрипкашылар байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Абай атындағы театр сахнасында қазылар алқасы үздік жас таланттарды марапаттады. Сондай-ақ, әлемге танымал скрипкашы, Қазақстанның Еңбек ері Айман Мұсаходжаева сөз сөйлеп, музыкалық өнерге арналған бұл байқаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Байқау нәтижесінде бас жүлде иегері Амина Ахметжанова атанды.

18-21 жас аралығында: I орын – Алибек Балагумар, II орын – Ақбота Таңнұр, Жәнел Төребай, Айгерім Танкеева, III орын – Айгерім Аулбек, Нұрай Рысқұлова, Нұрдәулет Сейтхан, Ажар Есенбай.

22-28 жас аралығында: I орын – Гүлназ Мухамбетуалиева, II орын – Жәния Болатова.

Сонымен қатар арнайы жүлделер мен дипломдар табысталып, концертмейстерлердің де еңбегі жоғары бағаланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы