Абай облысында ет өнімдерін шығаратын екі кәсіпорын іске қосылады
2023-2024 жылдары Абай облысында ет өнімдерін шығаратын екі кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.
Биыл Семейде өндірістік қуаты жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын «Ықылас Инвест» ет консерві зауытын іске қосу жоспарлануда, келесі жылы өндірістік қуаты жылына 12,6 мың тонна «Еуразия Агро Семей» кәсіпорны жұмыс істей бастайды.
Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Мал шаруашылығын дамыту басым мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда Абай облысында 39 бордақылау алаңы мен үш шұжық цехы жұмыс істейді. Алайда, аймақта мал шаруашылығы үшін өндірістік қуаттың тапшылығы әлі де бар. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов мәлімдеді.
Біздің облыста бордақылау алаңдары мен шұжық цехтары жұмыс істейді. Мысалы, Бородулиха ауданында жылдық қуаты 375 тонна дайын ет өнімдерін шығаратын цех жұмыс істейді. Семейде қуаттылығы жылына 100 тонна «Қаликанұлы» цехы жұмыс істейді. Тағы бір «АРАЙ East Food» цехы Моңғолиядан шикізат әкеледі. Цехтың өндірістік қуаты - жылына 3650 тонна. Алайда ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының тапшылығы әлі де сақталуда, - деді Айдын Кәрімов.