Абай облысында ет комбинаты салынуы мүмкін

Қазіргі таңда облыста шұжық өнімдерін шығаратын 3 цех жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес, өңір халқын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын одан әрі дамыту, қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда. 

Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 11,3 мың тонна сиыр және 6 мың тонна құс еті, 16 млн дана жұмыртқа, 27,9 мың тонна ұн, 3 мың тонна нан және 922 тонна макарон өнімдерін өндірді. 

Қазіргі таңда облыста шұжық өнімдерін шығаратын 3 цех жұмыс істейді. Оның ішінде Бородулиха ауданының «Е.Зайтенов» (жылына 375 тонна өнім) және Семей қаласының «Қалиқанұлы» шаруа қожалықтары (жылына 100 тонна өнім) өз шаруашылықтарынан шикізат өндіреді. 

«Арай-EAST FOOD» ЖШС (жылына 3650 тонна өнім) шикізатты Моңғолиядан сатып алады. 2024-2026 жылдары облыста ет комбинаттарын салу жобалары басталады. Мәселен, Семей қаласының аумағында жылдық қуаты 12 600 тонна болатын «Еуразия Агро Семей» ЖШС ет комбинатын салу жоспарлануда. 

Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. 

Бұдан бөлек 2024 жылы қуаттылығы жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын «Ықылас Инвест» ЖШС ет консерві зауыты ашылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы