27 Шілде 2024 2024, 20:37
Абай облысында ер адам құтқарылды
Ол катамаранмен жүзу кезінде жағадан алыс жүзіп, орала алмады.
Семей қаласы Ертіс өзенінде «Медвежок» аралында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1981 жылы туған ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді.
Ол катамаранмен жүзу кезінде жағадан алыс жүзіп, орала алмады.
Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Төтенше жағдай орын алған кезде «112» нөмеріне хабарласыңыз!