Абай облысында ең бойшаң адам тұрады
Абай облысының Көкпекті ауданында бойы 2 метрден асатын ер адам тұрады. 47 жастағы азамат бойының ұзындығы өмірде де жұмыста да көп септігін тигізетінін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Тек киім таңдауда аздаған қиындық болады, - дейді Станислав Вишняков.
оЛ аудан орталығы Көкпекті ауылында тұрады. Осындағы сорғы стансасында 25 жылдан бері машинист болып жұмыс істейді.
Станиславтың бойы 10-сыныптан кейін өсе бастапты. Ол кезде 197 сантиметр болған екен. Ал 37 жасында бойының ұзындығы 2 метр, 8 сантиметрге жетіпті.
Бірақ жыл өткен сайын шөге бастайды екенсің. Қазір бойым - 2 метр, 2 сантиметр, салмағым – 125 келі, аяқ-киім өлшемі – 47 сантиметр. Бойдың ұзын болғаны жақсы ғой. Көшеде арулар сүйсіне қарайды. Көкпектіде маған шақ келетін киім жоқ болғандықтан Семей мен Өскеменге арнайы барамын. Жұрттың бәрі маған таңдана қарап, суретке түсіп жатады, - дейді Станислав Вишняков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы