28 Тамыз 2026, 06:39
Фото: Скриншот
Абай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Қаза тапқан төрт адамның екеуі Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болған.
Курчатов – Семей тас жолының 35-шақырымында Chevrolet Nexia мен Kia Rio көліктері бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia жүргізушісі алда келе жатқан көлікті басып озу кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып, Kia Rio-мен соқтығысқан.
Полиция екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Абай облыстық ТЖД мәліметінше, қаза тапқан төрт адамның екеуі Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болған. Ведомство қызметтік тергеу бастағанын және марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.