Абай облысында егін жинау науқаны басталды

Абай облысында егін жинау науқаны жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл жалпы жиналатын аудан 749,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар – 299,0 мың, майлы дақылдар – 295,8 мың гектар, оның ішінде күнбағыс – 290,1 мың гектар. 

Картоп 5,8 мың гектардан, көкөністер – 3,8 мың гектардан, қауын-қарбыз – 1,5 мың гектардан, жемшөп дақылдары – 143,5 мың гектардан жиналады деп жоспарланып отыр.

22 тамызға дейін 50,5 мың гектар дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар, 0,4 мың гектар картоп, 0,2 мың гектар көкөніс-қауын-қарбыз дақылдары жиналды.

Қала мен аудан әкімдіктерінің оперативті деректері бойынша дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдардың жалпы өнімі 14,1 ц/га орташа өнімділікпен 71,2 мың тоннаны құрайды, картоп – 225 ц/га орташа өнімділікпен 9,0 мың тонна, көкөністер – 218,1 ц/га орташа өнімділікпен 3,5 мың тонна, қауын-қарбыз – 185,2 ц/га орташа өнімділікпен 1,5 мың тонна.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өзгелердің жаңалығы