Абай облысында «Digital Elimai» қосымшасы таныстырылды

«Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің резиденттері «Елімай» футбол клубына арнайы «Digital Elimai» қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының креативті индустрия өкілдері спорт пен IT саласын байланыстырды. Абай облысында креативті индустрия қарқынды дамуда, оның ішінде басқа салалармен де тығыз байланысыекенін атап өткен жөн.

Қосымша челлендж ойындарының бір түрі. Пайдаланушы қосымшаны жүктеп оған тіркеледі, «Елимайдың» үйдегі матчы өтетін «Спартак» стадионына келеді. Матч басталғанға дейін, үзілісте және соңғы ысқырықтан кейін таблодағы QR кодты қосымшаның көмегімен сканерлейді. Сканерлеген соң ұпай беріледі. Маусым соңында, үйдегі матчтар аяқталған кезде, пайдаланушы белгілі бір шекті ұпай жинаса, жүлделер ұтысына қатысуға мүмкіндік алады.

Қосымша – IT, футбол және шығармашылық индустрияның симбиозы. Қазақстан спорт клубтарында мұндай қосымшаның тікелей аналогы әлі жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы