Абай облысында дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды

Абай облысында қазақтың белгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Жалғыз арша» атты халықаралық дәстүрлі әншілер байқауы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, зиялы қауым өкілдері мен облыс тұрғындары қатысты. Халықаралық байқауға еліміздің әр өңірінен және шет мемлекеттерден 49 қатысушы қатысты. 

Екі кезеңнен тұратын байқаудың жеңімпаздары Абай театрында өткен Гала-концертте өнер көрсетті. Халықаралық байқаудың әділқазылары ретінде Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, Қазақстанның өнер қайраткері Амангелді Жікенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Айтбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек, ҚР мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев шақырылды. 

Байқау қорытындысы нәтижесінде Бас жүлдені Мағжан Сатыбалды, бірінші орынды - Айбат Серікхан, екінші орынды - Аида Срайл, Сәулет Аманғазин, үшінші орынды - Жайдар Шунан, Нариман Әбдірахманов, Біржан Айтахметов иеленді. 

Ал Нұрдәулет Жуасбеков, Біржан Бәзілжанов, Жасұлан Тәжиев, Айдос Саниязбекұлы жарыстың дипломанты атанды. Музыканттар «Қызыл бидай», «Жалғыз арша» сияқты қазақтың классикалық әндерін орындады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы