Абай облысында дала өрті тұтанды
Абай облысы Жарма ауданында 40 гектар жер өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жарма ауданы Шалабай ауылдық округінде ашық алаңда өрт шықты.
40 гектар аумақта шөп жанды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қалбатау ауылынан 1 автобус жолға шықты. Жарма аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы да оқиға орнында жүр, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында да екі өрт шыққан. От шыққан бір аумақта өрт сөндірілсе, екіншісі оқшауланды.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев шұғыл түрде жедел штаб отырысын өткізді. Ол ТЖД басшылығына жағдайды бақылауда ұстап, қосымша техника жіберуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы