Абай облысында дала өрті өршіп кетті
Еліміздің шығысында өрт сөндірушілер бүгін төртінші тәулік дала өртімен арпалысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24.
Көкпекті ауылынан 73 шақырым жерде қураған шөп тұтанған еді. Қазірдің өзінде алапат өрттің аумағы 200 гектардан асып кетті. Тілсіз жаумен күресуге 100-ге жуық адам мен 10 шақты техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, табиғат апаты таулы аймақта болғандықтан онда арнайы техниканың жетуі қиын боп тұр. Әзірге елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы