Абай облысында браконьерлерді ұстау сәтін дрон түсіріп алды
Абай облысында браконьерлерді ұстау сәтін дрон түсіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлері Ертіс өзенінде браконьерлерді ұстау мақсатында арнайы операция жүргізді. Ұстау сәттері полиция әуеден бақылау үшін пайдаланатын дронға түсірілді.
Тексеру кезінде 35 жастағы Семей тұрғынынан 850 кг әртүрлі балық, 398 қытай ауы, жеті қайық, үш бензомотор және жеркепенің астынан жасырылған тіркелмеген ИЖ-58 қосауыз мылтығы табылды.
Олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген шығын 2,5 миллион теңгеден асып түсті.
Заңсыз балық аулауды ұйымдастырған адам және оның бес жалдамалы балықшысы су биоресурстарын заңсыз өндіру үшін жауапқа тартылды. Ұйымдастырушы қаруды заңсыз сақтау үшін де жауап береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы