Абай облысында бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

22 қаңтарда Абай облысының кей мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақ онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда:

  • Бородулиха ауданындағы 6 мектептің 1-11 сынып оқушылары
  • Көкпекті ауданындағы 15 мектептің 1-11 сынып оқушылары
  • Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11 сынып оқушылары
  • Бесқарағай ауданындағы 1 мектептің 1-11 сынып, 3 мектептің 1-9 сынып, 1 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы