14 Қазан 2026, 22:23
Фото: Скриншот
Абай облысында бес жыл бойы жол ережесін бұзбаған жүргізушілер марапатталды
Оларға алғыс хаттар мен «Заң мен тәртіп» логотипі бейнеленген естелік брелоктар табысталды.
Абай облысында Омбы – Майқапшағай республикалық автожолында «Үлгілі жүргізуші» акциясы өтті. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтап, көлік жүргізуде жауапкершілік танытқан азаматтарға құрмет көрсетілді.
Акция аясында полиция қызметкерлері ақпараттық базалар арқылы жүргізушілердің жол ережесін бұзу деректерін тексерді. Нәтижесінде соңғы бес жыл ішінде жол қозғалысы қағидаларын бұзбаған бес жүргізуші анықталды.
Оларға алғыс хаттар мен «Заң мен тәртіп» логотипі бейнеленген естелік брелоктар табысталды.
Полиция өкілдері жол қауіпсіздігі әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтап, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне мұқият қарауға шақырды.