Абай облысында балшықпен емдейтін шипажай салынады

Абай облысындағы қарағайлы орманмен қоршалған Шошқалы тұзды көлі Бесқарағай ауданының інжу-маржаны болып саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шипалы көл Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, аудан орталығынан 85 шақырым жерде, «Семей Орманы» МОТР аумағында орналасқан.

Өзінің емдік қасиеттерімен танымал Шошқалы көлі бір-біріне жақын орналасқан шағын су қоймаларынан тұрады. Олардың барлығы тұзды, бірақ олардың құрамындағы тұз көрсеткіші әртүрлі. Басқа нәрселермен қатар, бұл тоғандар емдік балшыққа бай.

«Семей Орманы» резерваты демалушыларға жағдай жасау мақсатында көл жағасында: жағажайға құм төседі, киім ауыстыруға арналған кабинкалар, жатар орындар, күннен қорғайтын нысандар орнатты. Сондай-ақ, волейбол алаңы, жабдықталған ас әзірлеу аймағы, үш қоқыс контейнері қойылды. Көл жағасында 12 төсек-орынға арналған шағын қонақ үй бар.

Шошқалы көлінің бойында 10-нан астам кәсіпкерлік ұйымдар бар. Олар шомылуға арналған құрал-саймандарды, шезлонгтарды, беседкаларды және т. б. заттарды ұсыну бағытында қызметтер көрсетеді.

Жыл сайын көлге жақын облыстардан мыңнан астам адам келеді. Облыс орталығы Семей қаласынан демалыс күндері арнайы турлар ұйымдастырылады. Тур аясында қала және басқа аудандардың тұрғындары көлге автобустар бара алады. Аудан жастары «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» атты ұранмен көл жағалауын тазартып тұрады, - делінген Абай облысы әкімдігі таратқан хабарламада.

2024-2025 жылдары «Шошқалы» көлінде балшықпен емдейтін және демалыс аймағы бар шипажай салу жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы