Абай облысында автобус аударылды: 50 адам зардап шекті

Семей – Қайнар трассасында 31 қаңтар күні таңертең 50 жұмысшы мінген автобус аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, өміріне қауіп жоқ. Полиция апат себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай облысының Полиция департаментінің мәліметінше, апат 62-ші шақырымда, Знаменка ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы автобус жиегіне шығып кетіп, бүйіріне аударылған. Автобустың салонында 50 жолаушы – вахтаға баратын жұмысшылар болған.

Оқиға салдарынан жолаушылар жеңіл жарақат алды, өміріне қауіп жоқ. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, – деп хабарлады полиция.

Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, апаттың себептері мен жағдайлары анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы