Абай облысында әскерилер көмектесіп жатыр
28237 әскери бөлімі 2 жиынтық құтқару отрядының 28 әскери қызметшісі Абай облысы Бесқарағай ауданы Бозтал елді мекенінің су басу аумағында авариялық-құтқару және алдын алу іс-шараларына кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әскери бөлімнің күшімен су басқан тұрғын үйлердегі адамдарды эвакуациялау жүргізілді.
Қазіргі уақытта әскери бөлімнің жеке құрамы қар суын сору және жағаларды нығайту, сонымен қатар қаптарды инертті материалдармен толтырып, оны төтенше жағдай аумағына төсеу жұмыстарын жүргізуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында көпірге қауіп төнген мұз блоктары жарылған
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы