Абай облысында 517 бала тиісті медициналық тексеруден өтпеген
Абай облысында прокурорлар өткен жылы 517 баланың қажетті тексеруден өтпегенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облыстық прокуратурасының хабарлауынша, Жаңасемей ауданының прокуратурасы медициналық мекемелердің балалар арасында профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу жұмыстарын ұйымдастырмағанын анықтады.
«2024 жылы Абыралы ауылында 342 бала тексерілмеді, бұл олардың кепілді медициналық көмек алу құқығын бұзды. Сонымен қатар, аудиологиялық скринингке мұқтаж 214 баланың 39-ы ғана тексерілді. Нәтижесінде 2024 жылы 517 бала қажетті тексеруден өте алмады», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Прокуратура кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын қорғап, балалар медициналық тексеруден өте бастады, ал аурухана директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қосшыда аулада ойнап жүрген екі жасар баланы көлік қағып кетті
Өзгелердің жаңалығы