Абай облысында 50 жылдан бері жөнделмеген аурухана ғимараты жаңарды

 Абай облысында 50 жылдан бері жөнделмеген аурухана ғимараты жөнделді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. 

Семейден шалғай орналасқан Қайнар ауылындағы мекеменің жылу қазандығы мен шатыры ауыстырылады. Биыл өңірде ондаған медициналық нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. 

Бұған жергілікті және республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 

Облыстық бюджеттен мекемеміздің қазандығын жөндеуге 55 миллион, стационардың шатырын жөндеуге 29 миллион бөлініп жатыр. Енді мекемеміз салқындау болған. Қазір жақсы, жаңа кезге сай пештер орнатылып жатыр. Енді мекемеміз жылынады деген үміттеміз, - деді Абыралы өңірлік емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сәуле Исаханова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы