Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Абай облысының прокуратурасы 42 мыңга пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысының прокуратурасы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Тексеру барысында бірқатар жерпайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойыны саналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.
Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың га және кадастрлық құны 516 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі мыңға жуық жұмыскерге 677 млн теңге жалақы берешегі төленді
Келесі жаңалық
БҰҰ: 2025 жылы Ливаннан 378 мың сириялық еліне оралды
Өзгелердің жаңалығы