Абай облысында 4 мыңнан астам азамат жаңа үлгідегі жеке куәлік алды
2024 жылдың 15 маусымынан бастап ҚР азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысында 4 мыңнан астам азаматқа жаңа үлгідегі жеке куәлік берілді. Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетілген. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған. Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады.
Жаңа үлгідегі жеке куәліктерді мерзімі өткеннен кейін, құжаттың жарамсыздығына байланысты немесе өзге де себептер бойынша ауыстыруға өз бетінше өтініш білдірген ҚР азаматтары алады. Жеке куәліктің жаңа дизайны азаматтардың жаңа құжатты рәсімдеу үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді. Жеке куәлік жасату құны – 0,2 АЕК – 738 теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы