Абай облысында 320 шақырымнан астам жол жөнделді

Абай облысында 320 шақырымнан астам жол жөндеумен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысында барлық деңгейдегі жолдарды жөндеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 

Жол-құрылыс жұмыстарымен Қарауыл – Қоңыр әулие, Семей – Долон – Қоянбай, Новобаженово – Шүлбі, Зубаир - Петропавловка сияқты облыстық жолдардың бағыттары қамтылды. Бұл учаскелердің жалпы ұзындығы - 107,3 км. 

Айта кетейік, «Семей – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 15,8 км учаскесі аяқталды және пайдалануға берілді. 

Бұдан басқа, аудандық маңызы бар жолдардың 25 учаскесінде – 138,2 км-ге орташа жөндеу жүргізілуде, оның ішінде - Жарқын, Шаған, Қыземшек, Верхне-березовский, Медеу, Орда, Малтыкөл, Дөненбай, Айғыз, Кіндікті, Тана-мырза, Өндіріс, Жыланды, Қарабас, Буркутово, Шұғылбай, Толағай. Осындай жұмыс «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде, ол бойынша облыста 77 км кентішілік көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша 33 жоба іске асырылуда, - делінген хабарламада.

Жөндеу облыстың 26 тірек елді мекендерінде жүзеге асырылады: Семей - 1 жоба, Абай ауданы - 5 жоба, Аягөз ауданы - 3 жоба, Бесқарағай ауданы - 3 жоба, Бородулиха ауданы - 3 жоба, Жарма ауданы - 5 жоба, Көкпекті ауданы - 5 жоба, Ақсуат ауданы - 2 жоба және Үржар ауданы - 5 жоба. 

Барлық жұмыс қатаң белгіленген кесте бойынша жүргізіледі. Сапаны бақылау Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мен жұртшылықты тарта отырып, тұрақты негізде жүргізіледі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы