Абай облысында 30 отбасыға жаңа үйдің кілттері табысталды
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Жарма ауданында жаңадан салынған тұрғын үйлер пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Достық көшесінде жаңадан салынған 3 қабатты 30 пәтердің кілттері көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтар санатындағы тұрғындарға табысталды.
Жалпы аудан бойынша «Қуатты Өңірлер ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Қалбатау ауылында Искакова көшесінде 25 үй немесе 50 пәтер және Достық көшесінде 30 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй, Шар қаласында 5 үй немесе 10 пәтер пайдалануға берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы