Абай облысында 3 мың гектарға жайылған өрт оқшауланды
Абай облысында құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап.
17 шілде күні 07:14 шамасында Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жалын шарпыған аймақ - 3 000 гектар.
Қазіргі уақытта сөндіру жұмысы жерүсті әдісімен жүзеге асып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Тілсіз жаумен күреске жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күш-құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні «101» пультіне Семей қаласынан 75 км жерде Көкентау ауылдық округінде таулы жерде құрғақ шөптен өрт шыққаны туралы хабар түскен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жастар үшін басты мәселелердің бірі – жұмысқа орналасу - Қошанов
Өзгелердің жаңалығы