9 Мамыр 2024 2024, 04:35 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды

Семей қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр қалқаны жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр қалқаны жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баспалдақ маршы арқылы құтқарушылар 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды.

Сондай-ақ 40 адам, оның ішінде 10 бала өздері эвакуацияланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - деп жазды ТЖМ.