Абай облысында 165 адам эвакуацияланды
Абай облысы ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасының көмегімен тағы 25 адам эвакуацияланды, олардың бірі бала, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта қар құрсауынан 165 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылып эвакуацияланды.
Құтқарылғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
ТЖМ ауа райының нашарлауына байланысты, елдің автожолдарында қалыптасқан жедел жағдай туралы хабарлады.
Сонымен қатар Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ мәліметіне сәйкес, 16.02.2024 жылы сағат 18:00-ден бастап ауа температурасының -30 С дейін төмендеуіне байланысты барлық көлік түрлері үшін жол жабық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұзынағаштағы оқиға. Балалардың жағдай қалай
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы