Абай облысында 1,4 млрд теңге бюджет қаржысын заңсыз жұмсауға жол берілмеді
Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактісін анықтады.
Аягөз ауданының прокуратурасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
2025 жылдың 30 мамырында аудандық ТКШ бөлімі "МИТ Теплосервис" ЖШС-мен «Орталық» қазандығын күрделі жөндеу бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқан. Мемлекеттік сатып алу төтенше жағдайлардың салдарын жою сылтауымен бір көзден алу тәсілі арқылы жүргізілген, - делінген хабарламада.
Алайда 2025 жылы аудан аумағында төтенше жағдай жарияланбаған, , сондықтан мұндай тәсілді қолдануға заңды негіз болмаған. Бұдан бөлек, 2023 жылдың 10 қарашасында бөлім жаңа қазандық орнатуға 110 млн теңгеге ұқсас шарт жасағаны анықталды, оған үш жылдық кепілдік берілген.
Прокуратураның қадағалау актісі нәтижесінде заңсыз жасалған келісімшарттың күші жойылды. ТКШ бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
- Қарағанды облысында бұлақтар абаттандырылды 19:11
- Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді 18:48
- Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Сәденов отандастарымен кездесті 18:07
- Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды 17:49
- Өскеменде тұрғын үй өртенді 17:17
- Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты 16:47
- «Хантәңірі қазынасы»: Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтіп жатыр 16:11